ДомойМедиа үніЖурналистерді аккредитациялаудың жаңа ережесі қаншалықты жаңарды?

Журналистерді аккредитациялаудың жаңа ережесі қаншалықты жаңарды?

Журналистерді аккредитациялаудың жаңа ережесі қаншалықты жаңарды?

Қазақстанда Журналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгеріс енгізілді. Жаңа ережелер 2021 жылғы наурыздың соңынан бастап күшіне енді.

Ереже қалай әзірленді?

Ережелер ұзақ уақыт әзірленді. Негізінен ресми аккредитация рәсіміне түзетулер енгізу қажеттілігі көбіне көп шарттылықтарға байланысты туындаған. Соны әзірлеу барысында медиақауымдастық шектеу ережелерге «тойтарыс» беріп келді. Әуелі брифингтер мен баспасөз-конференциялары өтетін залдағы орын санын, бір іс-шараға бір редакциядан аккредитацияланатын журналистер санын шектеу ережесі болды. Кейін модераторлардың (брифингтер мен баспасөз-концеренциясын жүргізушілер) журналист сұрақтарын модерациялауына құқық берді. Ережелерге сын айтыла бастағанда Журналистерді аккредиттеу қағидалары жобасын «үстел тартпасына салып», біршама уақыт ұмыт қалдырды.

Биыл наразылық шарықтау шегіне жетіп, журналистер түрлі инстанцияларға (ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) брифинг пен баспасөз-конференцияларында спикерге емін-еркін сұрақ қоя алу мүмкіндігі бойынша жүгінді. Сұрақтарды модерациялайды, ыңғайсыз сұрақтар қойдырмайды. Журналистердің шенеуніктермен қарым-қатынасы онлайн-форматта болып жатқан соң спикерге емін-еркін сұрақ қою мүмкіндігі де азайды: журналисті брифингтен өшіріп тастау не брифинг сілтемесін жібермеу, тағы сол сияқты басқа да әрекеттер. Ыңғайсыз және тақырыптан тыс сұрақтарды байқамауға тырысады.

Былтыр ережелерді пысықтау жұмыстары салалық министрлік тарапынан да, журналистер тарапынан да қайта күшейді. Михаил Дорофеев* пен Тамара Калеева бастаған медиақауымдастық өкілдерінен құралған шағын жұмыс тобы түзетулер әзірлеп, министрлікке ұсынды. Ұсыныстардың көбі, атап айтқанда аккредиттелген журналистің құқықтары, аккредиттеуші ұйымның жауапкершілігі мен міндеттері, аккредитациялаудың жеңілдетілген процедурасы, аккредитациялауға өтініш берудің ыңғайлы формасы мен құжат тізімдерін қысқарту және тағы басқа ұсыныстар қабылданды.
Қазір бұл ұсыныстардың ештеңе де қалмады — жарияланған ережені жаңа ереже деп атауға, журналистердің ақпаратқа қол жеткізуі мүмкіндігін кеңейтеді деп санауға болмайды.

Ереженің позитив тұстары

Ереженің оңды тұстары да бар. Аккредитацияға өтінішті қарау мерзімін 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартыпты. Онлайн және ортақ деректер қоры заманында бұл да қисынды. Аккредитацияға небәрі екі құжат — БАҚ меншік иесі не редакторы не уәкілетті тұлғаның атынан журналистерді аккредиттеуге өтініш және журналист куәлігінің көшірмесі.

Өтінішті онлайн немесе қағаз түрінде беруге болады. Аккредиттелген журналистердің тізімі аккредиттеуші ұйымның интернет-сайтында жарияланады.

Аккредиттеуші ұйым журналисті аккредиттеуден мына себептер бойынша бас тарта алады:

  • Қажет құжаттарды ұсынбау;
  • БАҚ өнімін таратуды не БАҚ шығаруды тоқтату тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • БАҚ ретінде тіркелмеуі.

Аккредиттелген журналист пен редакцияның арасындағы еңбек шарты тоқтатылса, онда редакция үш жұмыс күші ішінде аккредиттеуші ұйымды хабардар етеді.

Аккредитацияның артықшылықтары көп емес. Аккредиттеуші ұйым өтетін іс-шаралар туралы журналистерге алдын ала хабарлайды және материалдармен, құжатармен қамтамасыз етеді.

БАҚ ретінде тіркелмеген сайттар немесе жобалар мен блогерлерді аккредиттеу.
Өкінішке қарай, бұл мүмкін емес. БАҚ ретінде тіркелу керек.

Сынға ұшыраған тұстары

Ережелерді жаңа деуге келмейді, іс жүзінде бұрынғы ережемен бірдей, айтарлықтай жақсарту да, жаңарту да жоқ. Брифинг және баспасөз-конференция жүргізушісінің журналистер сұрағын модерациялауы, спикерге сұрақ қоюына рұқсат беру/бермеу мүмкіндігі көп сынға ұшырады. Жүргізуші «іс шараға қатысушылардың тақырыпты (мазмұнды), уақытша регламентті, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді».

Іс жүзінде бұл:

  • брифинг не баспасөз-конференциясы тақырыбына қатыссыз сұрақ қою мүмкіндігіні болмауы (журналистерге айтылар жиі шағымның бірі — брифинг сүт өндірісі туралы болып жатса, жемқорлық туралы сұрау);
  • тәуелсіз редакциялық саясаты бар редакция атынан келген «ыңғайсыз» журналистердің қоятын сұрақ санын шектеу;
  • қоғамдық тәртіпті сақтау деген желеумен журналистерді брифингтен өшіру;
    егер сұрақ не сұрақтар жүргізушіге ұзақ болып көрінсе, онда уақыт туралы ескерту және т. б.

Бұл ережені қазақстандық («Әділ сөз», «Құқықтық медиа-орталық») және халықаралық ұйымдар сынап, журналистің ақпарат іздеу, ақпаратқа қол жеткізу, модерациясыз сұрақ қою және жауап алу сияқты кәсіби құқықтарын шектейтінін мәлімдеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде ережелер журналистердің құқықтарын шектемейтінін хабарлап, «Жүргізуші ұғымы және оның жауапкершілік аясы тек іскерлік атмосфераны және тараптар арасындағы сындарлы диалогты сақтау үшін қажет» деп мәлімдеді.

Бұл ереже журналистің ақпаратқа қол жеткізуін кеңейте ме әлде керісінше шектей ме, қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде тексеру қалып тұр.

* ИнформБюро.kz порталының бас редакторы Михаил Дорофеев 2021 жылғы қаңтарда қайтыс болды.

Internews Network ұйымының құқық тақырыбындағы
жобаларында қызмет ететін
Ольга Диденконың мақаласынан қазақ тіліне аударылды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР