ДомойМедиа үніШілде – 2019. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы танымал тақырыптар

Шілде – 2019. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы танымал тақырыптар

Шілде – 2019. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы танымал тақырыптар

2019 жылдың шілдесінде Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ақпарат сайттарында ең жиі талқыланған тақырыптар рейтингі MediaMetrics.kz және MediaMetrics.ru сервистерінің көмегімен жасалды.

Қазақстан

Қазақстанда шілдедегі ең танымал жаңалық – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың РФ президенті Владимир Тоқаевқа Иркутск облысындағы су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағаны туралы твиті болды.

Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілерде парақшаларын ашуы – Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекет басшысы қызметіндегі алғаш енгізген өзгерістерінің бірі. Жаңа заңнамалар туралы материалдардың үшеуі, атап айтқанда шетелдік нөмірі бар автокөліктердің ел аумағындағы қозғалысын шектеу, квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін өзгерістердің толық тізімі, міне осы жаңалықтар шілденің ТОП-15-іне енді.

Шілде айында талқыға түскен оқиғалар да әдеттегідей көп. ТОП-15 жаңалықтың жетеуі оқиғаларға арналған. Атап айтқанда, Ақтауда ғашық жұптар жұрт көзінше жыныстық қатынаспен айналысты, Бас прокуратураның жаппай тәртіпсіздіктер туралы ескертуі, «Тальго» пойызында зорланған әйел оқиғасының жалғасы, Полицейлер мен олар тұтқындаған өзбекстандық азамат көз жұмған жол-көлік оқиғасы, өз туысын өлтірген әлем чемпионын ұстау оқиғасы, адам дене мүшелерін заңсыз алу күдігіне ілінген белгілі қазақстандық дәрігер, Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы Ілиястың қайғылы қазасы.

Елде жақсы жаңалықтар аса бір белсенді талқыға түспеді. ТОП-15 рейтингіне тек екі жаңалық: автобус жүргізушісі мүгедек жолаушының автобус салонына кіруіне жәрдемдесті және Үндістанның Лакхнау қаласында ер адам өзінің жерлеуінде тірілгені туралы ақпарат енді.

Рейтингті Владимир Путиннің Уральсктегі ЖОО-лардың бірінде студенттермен кездесуінде Қазақстаннан таланттарды тартудың қажеті жоқ екенін айтқан сөзі қорытындылады.

Рейтингтегі тақырыптардың барлығы орыс тілінде және жаңалық форматында жазылған.

Тәжікстан


Тәжікстанның ТОП-15 рейтингін Душанбе тұрғындарының жарты млн долларға жуық қаржысын үптеп кеткен алаяқ туралы жаңалық бастады. Рейтингке енген басқа да оқиғалардың қатарында полиция арызын қабылдамаған зорланған қыз және «кәмелет жасына толмаған екі қызды ұрлады» деп күдікке ілінген адамдарды ұстау оқиғалары бар.

Рейтингтегі 15 тақырыптың қатарына аптап ыстық пен ел астанасында жөндеу жұмыстарының себебінен суды өшіретіні туралы екі ескерту енген. Тағы екі жаңалық, заңнамадағы өзгерістерді: кадрлық ауыс-түйістер және оқу орнының бюджеттік бөлімін бітірген түлектер мемлекеттік қызмет саласында еңбек етпесе, онда оқу ақысын қайтаруын міндеттейтін заң туралы хабарлайды.

ДАИШ ұйымымен байланысқаны үшін сотталған қыз оқиғасы да ел ішінде кеңінен талқыланыпты.

Тәжікстанда шілде айында үш тақырып қызу талқыға түскен:

ТОП-15 тізіміне Үндістан Душанбеде қымбат автожол салатыны туралы жаңалық та енген.

Шілде рейтингіне ілінген жаңалықтардың барлығы орыс тілінде жазылған.

Өзбекстан

Өзбекстанда шілдедегі ең көп талқыланған ТОП-15 жаңалықтың басым бөлігі түрлі оқиғалардың еншісінде. Рейтингтегі 15 жаңалықтың сегізі: ел астанасындағы ЖОО бірінде болған студент өлімі, кәсіпкер Умар Раджабовқа қарсы қылмыстық іс, үш айлық баланың көз жұмуы, бұрынғы әйелін өлтірмек болған ер адамға сот үкіміқұтқарушылардың фреон құйылған контейнерді залалсыздандыруы, отбасымен ренжісіп қалған жас қыздың жоғалып кетуі, жаңа туған баласын дәретханаға тастап кеткен әйелге қарсы іс, өзіне шабуылдаған төрт еркектің біреуін өлтірген қыздың оқиғасынан тұрады.

ТОП-15 тізіміне небәрі екі жақсы жаңалық еніпті. Біріншісі, өзбек археологтары Александрия Оксианская қалашығының орнын тапса, екіншісі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың туған күні қарсаңында ол туралы сирек айтылатын 5 дерек  туралы жаңалық болды.

Рейтингтегі 15 жаңалықтың екеуі ауа райына арналыпты. Онда Узгидромет жаңбыр жауып, күн салқындайтынын болжай келе, 10 күннен кейін аптап ыстық басталатынын ескертеді. Рейтингтегі тағы екі жаңалық елдегі жаңа өзгерістерге: автосүйер қауымға жаңа айыппұлдар және Ташкент маңынан салынатын үш ойын-сауық кешенінің құрылыс жобасына арналыпты.

Өзбекстанда қоғам қайреткері Азиза Умарованың үйлерді заңсыз сүруге қатысты пікірі де көп талқыланыпты.

Өзбекстанда шілдедегі ТОП-15 қатарына енген тақырыптың барлығы жаңалық форматында, орыс тілінде жазылған.


Ең көп оқылған және ең көп талқыланған материалдардың рейтингі – біздің тұрақты айдарымыз. Маусым айындағы танымал тақырыптарды мына шолудан оқыңыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР