ДомойStory форматтар4-модуль. 2-сабақ. AudioStory

4-модуль. 2-сабақ. AudioStory

4-модуль. 2-сабақ. AudioStory

Видеода мультимедиа сторителлинг онлайн-мектебінің менторы, подкастер Талшын Тоқыжанова аудио сторителлинг, яғни аудио-стори қалай жасалатынын, подкаст түрлері, екі-үш адамның сұхбаты неліктен подкаст бола алмайтынын әңгімелейді.

Оқуға арналған материал

Аудиоподкаст жүргізу

Менің есімім — Талшын. Тамаша жыл подкастының авторымын. 2017 жылдан бастап подкастымның 100 эпизоды шықты.

Сіздерге подкаст жүргізу, аудиоподкаст не екендігін және оған қандай құрал керектігін айтамын.

Мен өзімді түрлі платформадан Youtube, facebook, instagram-нан іздедім. Youtube-те 10 шақты видео түсірдім, өзге де әлеуметтік желілерде пост, сурет салып назарды өзіме аударуға тырыстым. Бірақ уақыт өте келе бұл форматтар маған келмейтінін түсіндім. Содан бірде Гай Росстың подкастына тап болдым. Осы формат маған қатты ұнады және өзіме ыңғайлы болды, себебі Youtube-тегідей көп уақыт алмайтын, видеоға түсу керек емес еді.

Подкаст — радио бағдарламаларына ұқсас, видео немесе аудио формасында болатын материал. Көбісі подкаст екі не одан да көп адамның бір-бірімен әңгіме құруы деп қателеседі.

Блогерлердің көбісі өздерінің видео сұхбаттарын Instagram-ға, Youtube-ке салып, оны модаға айналған подкаст атауымен атап жүр.

Өкінішке қарай, бұл дұрыс емес. Подкаст RSS бар аудио немесе видео файл. Осы индекс болмаса, подкаст бағдарламаларында болмаса онда бұл тек ютубтағы шоу немесе инстаграмдағы видео деп айтсақ болады.

Подкасты жүргізу оңай. Оны кез келген жерден қалаған уақытта таратуға әрі тыңдауға болады. Ең алғашқы подкастты 2004 жылы BBC журналистері — Адам Кaрри және Дейв Вайнер шығарған еді. Тіпті, АҚШ президенті Джордж Буштың өзінде апталық жаңалықтарды жеткізетін подкаст болған.

Подкастың танымал болуына Тhe Serials детективтік аудиооқиғалар жиынтығы әсер етті. Ол жерде адамдар белгілі бір оқиғаның қылмыскерін табу керек болды, әрбір апта сайын жаңа оқиға. Сөйтіп, аудиторияны бейжай қалдырмайды.

Подкаст түрлері:

Тақырып бойынша – өнер, спорт, саяхат, ғылым, музыка, технология және т.. б.

Форматтары: соло, интервью, актерлік туынды немесе бірнеше адамның бір тақырыпты талдауы.

Тақырып таңдауда шек жоқ, сізлің идеяңыз бен дауысыңызды естуге зәру мыңдаған адам бар.

Қазіргі таңда Қазақстанда подкаст саны көбейді. Ал, 2015 жылы қазақ тілінде ғана емес, жалпы подкаст мүлдем жоқ болған.

Подкаст жайлы мифтер:

Дауысым өзіме ұнамайды.

Кезінде менде сондай күй кешкен едім. Шындығында сіздің дауысыңызды идеяларыңызды қажет ететін қаншама адам бар. Біздің әрқайсысымыз ақпаратты, білім ресурстарын таситын үлкен қорымыз бар. Сондықтан сіздегі бар білімге қызығушылық танытып,сіздің дауысыңызды тыңдауға дайын адамдар барына менің күмәнім жоқ. Дауыс практика жасау арқылы жақсартылады.

Басында бұл подкаст соло форматта болғандықтан, мен үшін микрофонды ұстап алып сөйлеген қиындық тудыратын. Себебі, алдымда сөйлейтін адам болмады, сөйтіп біреуге сөйлеп отырғандай тура келді. Кейін айнаға қарап сөйледім,дауысыма көңіл толмады,бірақ онымен жұмыс істеуге бел будым,әлі күнге дейін дауысым сондай жақсы деп ойламаймын.Мен де қателіктер жасаймын.

Келесі мифконтент сапасы нашар.

Ұзақ сапар қадамнан басталады, ал сапа өздігінен пайда болмайды. Сол себепті, көру керек,қателесу маңызды,шешімін табу одан да артық. Аудиоподкастка студия қажет.
Мен өз подкастымды көшеде жазған кездерім болды, ас үйде, жұмыста, ең бастысы жанымда микрофон мен компьютер болса болды.

Әлемге ақпарат тарату үшін небәрі бірнеше құрал қажет: компьютер, микрофон (blueyeti), құлаққап,және арнайы бағдарлама қажет (Audacity немесе Garageband).

Егер подкастқа бірнеше адам қатысса, онда микшер керек.

Подкаст жазам десеңіз алдымен оның тақырыбын дәне мазмұның анықтаған жөн.

Содан форматын біліңіз.

Подкастының баннеріне назар аударыңыз. Мен canva арқылы itunes-қа арналған баннер құрастырған болатынмын.

Естеріңізде болсын айтюнсқа подкаст салам десеңіз баннеріне қатты назар аударыңыз (пішіні,форматы).

Жұмыс процесі қарапайым қосылған микрофонды алып, жазу бағдарламсын қосып өз ойыңызбен бөлісе бастайсыз.

Содан оның монтажын жасайсыз. Мен garageband-ты қолданамын,ол жерде бәрі бар әрі қолданушыға оңай. Дайын болған mp3 форматындағы файлды сайтыңызға, арнайы платформаларға салуға болады.

Менде www.talshyn.com сайты бар. Оны wordpress арқылы жасадым. Әрі blubrry подкаст плагинін біріктіріп,оны ғаламтор қолданушыларына қолжетімді еттім.
Сонымен қатар подкастымды индексация арқылы басқа да платформаларға сілтемесімен бөлісу арқылы тарата аламын. Мен тек вебсайт хостингіне және доменге ақша төлеймін. Шамамен жылына 6000-7000теңге.

Сонымен қатар көптеген ақылы подкаст бағдарламаларын пайдалана аласыз, олар сіздің өміріңізді мейлінше жеңіл етеді. Сайт жасауға кеңес беремін: себебі ол сіздің портфолиоңызға да айналуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Медиа топтоо – 2020» форумы аясында Дмитрий Голубовскийдің подкаст туралы оқыған тренингі
  2. Эрик Нюзум. “Пошумим. Как делать хитовые подкасты”

 

 

АЛДЫҢҒЫ САБАҚ: 4-модуль. 1-сабақ. VideoStory

КЕЛЕСІ САБАҚ: 4-модуль. 3-сабақ. DataStory

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР