Ең ірі әлеуметтік желілермен жұмыс істейтіндерге арналады: көрнекіліктердің бәрінің өлшемдері.





Түпнұсқа: econsultancy.com.
Ең ірі әлеуметтік желілермен жұмыс істейтіндерге арналады: көрнекіліктердің бәрінің өлшемдері.





Түпнұсқа: econsultancy.com.
Футболдан Еуропа біріншілігі басталғалы бері бүкіл әлем назары Францияға ауды. “Кәрі құрлықтың” ең мықты әрі шебер футболшылары бір ай ішінде өзара үздікті анықтауға кірісті. Футболшылардың ішінде спортпен қатар әр түрлі стартаптардың аяққа тұрып кетуіне қызығатын жандар бар. Олар миллиондаған қаржысын жұмсап, жаңа технологиялардың күнделікті өмірімізде қолданысқа етіп кетуіне үлес қосқысы келеді.
Криштиану Роналду (Португалия):
Әлемнің үш дүркін ең үздік футболшысы Криштинау Роналду өзін барша қырынан көрсетіп жүрген ерекше спортшылардың бірі. Оның құрметіне жеке музей ашылып, бірнеше кітап жазылып, деректі фильмдер түсірілген. Сонымен қатар Роналду Mobitta атты стартапқа инвестиция салған. Mobitta — әлемге танымал Foursquare мобайл қосымшасының португалиялық аналогы. Бұл мобайл қосымша жақын маңдағы кафе мен мейрамханалардағы тағамдардың бағасы мен сапасын алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Mobitta сервисі арқылы мейрамханаларда бонустық жеңілдіктер алуға болады.
Роберт Левандовски (Польша):
Польшалық супер шабуылшы өзінің голдарымен барша жанкүйерлерді баурап алған адам. Германия чемпионатында бірнеше жылдан бері ең үздік шабуылшы атағын ешкіммен бөліспей келуде. Танымал футболшы германиялық жастар ойлап тапқан Scondoo мобайл қосымшасына ақша құйғанын мәлімдеді. Бұл сервис арқылы кез келген дүкенде тауарларды арнайы арзандатылған бағамен сатып алуға болады. Бүгінгі күнде Scondoo-мен Nestle және Garnier сияқты брендтер бірге жұмыс істеуді бастады. Қосымша AppStore мен GooglePlay-ге шықты.
Андрес Иньеста (Испания):
Испания құрамасының қатарында жеңуге болатын бүкіл жарыста топ жарған жартылай қорғаушы да стартаптарға қызығатынын жасырмайды. FirstV1sion атты жаңа жобаға $3 млн қаражат салған. Бұл кішкентай ғана камерамен сапалы видео ұсынатын сервис. Киімге қыстырып алып, ешкімге байқатпауға болатын ерекшелігі бар.
Дэвид Бекхэм (Англия):
Футболшы кезінде айып доптарының хас шебері атанған Бекхэм карьерасын аяқтай сала өзін әр түрлі салада сынап көрді. Соның ішінде MyEye атты мобайл қосымша бар. Бұл кәдімгі Periscope-тің аналогы. Онлайн түрде видео-трансляция жасауға болатын құрылғы. Бекхэм бұл жобаны тікелей жарнамаламаса да, брэнд-амбассадор ретінде көп пайдасын тигізіп жүр. MyEye-ді AppStore және Google Play платформаларынан жүктеп алуға болады.
Өткен аптада әлемнің алпыстан астам елінің алты жүзден аса медиаинноваторлары Венада алтыншы (Global Editors Network – Халықаралық редакторлар желісі) GEN саммитіне жиналып, медиаиндустрияның қазіргі жағдайын сипаттайтын трендтер мен тақырыптарды анықтады.
Конференцияны ұйымдастырған Халықаралық редакторлар желісі (GEN) – Парижде орналасқан, негізі қаланғанына бес жыл болған коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты — журналистиканың келешекте қандай болатынын, ақпарат еркіндігін және жаңалықтар медиа тәуелсіздігін қалыптастыру.
GEN 2016 конференциясында талқыланған мәселелерге шолу мұнда, біз материалдың бір бөлігін жариялап отырмыз.
Журналистиканың бүгіні мен ертеңінің технологиялық трендтері
Конференцияда ұсынылған, талқыланған бірқатар технологиялық жетістіктер қазірдің өзінде жаңалықтар журналистикасын қалыптастырып отыр және алдағы уақытта қатты ықпал етеді.
Көптілді жаңалықтар
Вертикаль жарияланымдар тренді, арнайы маманданған қауымдастықтарға арналған контент-платформалардың пайда болуы, сонымен қатар, тілдік аудармаларға арналған недәуір тиімді бағдарламалық жасақтама көптеген тілде контент жасауға, сол арқылы недәуір кеңірек аудиторияның сұраныстарына сай болуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бұл шекарасыз журналистикаға мүмкіндік ұсынады, оның жарқын мысалы — Панама құжаттары. Алайда, көптілді журналистикада мынадай негізгі мәселелер әлі де бар: аударма, контент басқаруға арналған платформалардың сәйкестігі және журналистердің ойлау ерекшеліктері. Сессияны толығымен көру үшін сілтемемен өтіңіз.
Хабарлама алмасуға арналған қосымшалардың мүмкіндіктері мен қаупі
2016 жылғы маусым айындағы көрсеткіштер бойынша, әлеуметтік желілерге қарағанда, чаттарды қолдаунышылар көбірек (3 млрд және 2,5 млрд), сондай-ақ, олар өз ішінде жолданатын фото- және видеоконтент көлемі жөнінен артық. Empirical Media компаниясының халықаралық серіктесі Филипп Херцберг (Philippe Hertzberg), Whatsapp, Line және WeChat сынды платформалар – медиа өкілдері қолданушыларымен тікелей байланысқа шығып, қауым қалыптастырушы механизм ретінде көріне алатын негізгі арналар дейді.
Футуролог Эйми Вебб (Amy Webb) сөйлеген сөзінде чаттарға арналған боттардың кемшіліктерін айтты.
Роботтардың қолдауына сүйенген журналистика
«Роботтандырылған журналистика редакцияда орын алу үшін жеткілікті жетілген», – деді осы бір жаңа басталса да жылдам дамып келе жатқан саланың қазіргі жағдайын бағалайтын сарапшылар тобының мүшесі болған журналист және бағдарлама әзірлеуші Лоренс Дирикс (Laurence Dierickx).
Осы топтың мүшесі, Norwegian News Agency инновациялар жөніндегі директоры Элен Фогт (Helen Vogt) роботтар үлкен көлемді деректерді жылдамырақ сараптап, шағын мәтіндерді жылдамырақ әзірлейді, уақыт үнемдеп, адамдарға қарағанда нақтырақ жұмыс істеуге қабілетті дегенді айтты.
Оның айтуынша, бір жағынан, журналистер роботтарды оқытып, олар әзірлеген мәтіндерді дамытып, деректерді жазып алып, мұрағаттап отырады. Роботтандырылған журналистикаға арналған сессияның негізгі тезистері.
Жаңалық ойындар
Жаңалықтар редакциялары қолдана бастаған тағы бір жаңа технология — жаңалық ойындар. Сессияны түгелдей мына арадан қарап алуға болады:
https://youtu.be/5wtN3MPRcuc?list=PL8hWnjRA46t45E4KYcySpmxiDZyFVaL7m
Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) әйел-журналистердің амбициялы идеяларына қолдау көрсетудің мақсат ететін Говард Г. Баффет атындағы гранттар ұсынады.
Жобалар аясында көпшілік бұқараға таныс емес, бірақ маңызды ғаламдық мәслелерді жариялау; дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында күрделі материалдармен жұмыс істеу; практикалық кәсіби тәжірибені арттыру және карьералық өсу; көшбасшылық мүмкіндіктерді арттыру, сондай-ақ, кәсіпкерлік мақсаттағы жаңалықтар жобасын іске қосу немесе сондай жоба жасауға көмектесетін оқу курсы қамтылады.
Үміткерлердің журналистикада кем дегенде үш жыл кәсіби тәжірибесі болуы керек. Журналистер тобы да грант алуға өтініш берсе болады, тек өтініш журналист әйелдің атынан түсуі керек және топ мүшелерінің кем дегенде жартысы әйел болуы тиіс.
Грант алу жөніндегі өтініштер 6 шілдеге дейін қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Қазақ немесе орыс тілін жақсы меңгерген медиа мамандары 12 айлық стипендия бағдарламасына қатысуға өтініш беруіне болады.
Журналистерге арналған халықаралық орталық (ICFJ) Орталық Азиядағы Knight International Journalism стипендия бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайды.
Стипендиаттар оқу бағдарламасын қазақстандық мемлекеттік телевизия желісінде өтеді, соның арқасында репортаж жүргізу, жаңалықтар бағдарламаларын әзірлеу және медиапроцесті басқару тәжірибесіне ие болып, цифрлік журналистика мен деректер журналистикасында жұмыс істеу машықтарын жақсартады.
Одан бөлек, бағдарламаға қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және, мүмкіндігінше, Өзбекстан журналистеріне арнап оқу семинарларын өткізеді.
Бағдарламаға АҚШ және Батыс Европаның кәсіби деңгейі жоғары халықаралық телевизия ұйымдарында жұмыс істеу тәжірибесі, сондай-ақ, мәтін жазу және телесюжеттерді редакциялау тәжірибесі бар тележурналистер мен продюсерлерден өтініш қабылданады. Үміткерлер деректермен және мобиль құрылғылармен, жаңа технологиялармен жұмыс істей білуі және контентті телевизия, онлайн-ресурстар мен әлеуметтік медиаға бейімдей алуы тиіс.
Бағдарлама жұмысы 2016 жылғы маусымның аяғында басталады.
Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.
Жақында Facebook видеоконтент әзірлеудің ең соңғы инновациялық нұсқасын ұсынды.
Бұл панорамалық видеоны түсіру үшін арнайы 360 градусты бір уақытта қамти алатын камера қажет. Яғни, видеоны қосқан кезде көрермендер оның кез келген бұрышын нұсқап шолып шыға алады.
Компьютерде видеоны панорамалық нұсқада шолу үшін тінтуір пайдаланылады. Ал смартфондарда саусақпен өзіңізге қажетті бұрышқа қарай қозғаумен немесе телефонды бұру арқылы 360 градус панорамалық видеоны толықтай көруге мүмкіндік бар.
Facebook-ке панорамалық виодеоны қалай жүктейді?
Егер видео панорамалық немесе сфералық камерамен түсірілген болса, оны кәдімгі кез келген видео сияқты жүктеуге болады.
Ал егер видео панорамалық камерамен түсірілмеген болса, мына әрекеттерді орындауыңыз керек:
Британиялық Demos әлеуметтік сараптамалық орталығы сәуір айында үш апта бойы “Твиттер” әлеуметтік желісіндегі әдепсіз сөздердің қаншалық көп және кімдер тарапынан жазылатынын зерттеді.
Зерттеушілер тек британиялық аккаунт иелерінің жазбаларын бақылап отырғанның өзінде мынадай нәтижеге қол жеткізді:
Үш аптада әйелдердің намысына тиетін “жезөкше”, “жеңілтек” деген сыңайлы сөздер қосылған 10000 жуық твит жазылған. Және, бір қызығы, оларды фейк яки тролль аккаунттар емес, кәдімгі шынайы 6500-ге тарта юзер жазған. Ең қызығы — әйелдердің намысын қорлайды деп саналған 10000 твиттің 50% әйел кісілердің өздері жазады екен.
Твиттер әлеуметтік желісінің қауіпсіздік істеріне жауапты Кира О’Коннор ханымның айтуынша, Твиттер азаматтардың ар-намысына қол сұғуға арналған жер емес.
Сонымен қатар Британия парламетінің мүшелері интернеттегі агрессияға толы жазбалармен күресудің жолдарын қарастыруда. Олар “Интернетті өзімізге қайтарамыз” #ReclaimTheInternet атты толеранттылыққа шақыратын насихат тобын құрып, тіпті онлайн-форум да ашты.
Депутаттар осылай нәсілшілдік кемсіту мен гомофобиямен күресуді жеңілдетеміз деп ойлайды. Бірақ, олардың ешқайсы интернетте қатаң цензура немесе онлайн-полиция құру туралы ашық мәлімдемеді.
Интернеттегі әдепсіз посттар мен ар-намысқа қол сұғу бұрыннан бар нәрсе. 2014 жылы Dove компаниясының интернеттегі сұлулық мәселесі бойынша жүргізген зерттеуінің нәтижесінде әйелдердің сұлулығына қатысты 5 миллионнан астам негатив твит жазылған. Сол жазбалардың әр бесінші авторы — нәзік жандылар болып шықты.
Соңғы жылдарыполиция бұл мәселеге қатаң қарауды қолға алды. Нәтижесінде интернеттегі цензураны сақтамағаны үшін тролль аккаунттар түрме жазасына тартылды.
Мамандардың айтуынша, бұл мәселемен күресудің бірден-бір тиімді жолы — білім беру бағдарламаларын пайдалану. Балаларға кішкентайынан интернетте әдепсіз посттарды жазудың дұрыс емес екенін түсіндіруіміз керек. Сонда ғана болашақта бұл жағдайдың қайталануының алдын алуға болады.
Кез келген істе бастысы — адамдар. Адамның мүмкіндіктері, әлеуеті, жұмыс істеуге деген ниеті, әлденені үйренуге деген құлшынысы, бір-бірімен қарым-қатынасы. Әсіресе, медиа қызметкерлерінің арасындағы өзара жеке және кәсіби қарым-қатынастың маңызы зор. Poynter.org мамандары БАҚ менеджерлеріне арнап шағын ғана, бірақ пайдасы зор ұсыныстар мен кеңестер тізімін әзірлеп ұсынды.
Қазіргі таңда редакторлар қайнайтын қазанда жеке қызметкердің дағдылары мен машықтары байқалмай, еленбей қалып жатады. Соның нәтижесінде, ұжымдағы адамдардың қарымы мен қабілеті лайықты бағаланбай қалады. Сөйтіп, қазіргі жағдай, стратегия белгілі бір дағдыларды — біз айтып отырғанда, цифрлік дағдыларды — меңгеруге келіп тірелгенде, ол дағдыларды меңгермегендер назардан тыс қалады. Сөйте тұра, кейбір қызметкерлер әлеуметтік желіде жұмыс істеуге машықтануы керек, енді біреулері — сұхбат алуда тәжірибе жинауы тиіс. Оның бәрін кім үйретеді?
Шын мәнінде үйрететін орта қалыптастыру әркімнің қолынан келетін істі бағалай білуден басталады.
Ол сіздің қауымдастықта жақсы талқыланатын тақырыптарды әлеуметтік желілерді қолдана отырып тауып беруге, сол арқылы қоғамда көп пікір тудыратын тақырыптағы сюжеттер әзірлеуге көмектесе ала ма? Бәлкім, осы қызметкер әлеуметтік желілерді пайдаланып, тілшілер жаңалық іздеу кезінде ақылдасып отыра алатын эксперттер тауып беруге көмектесе алатын шығар?
Ал оқырмандарыңыз қауымының тарихын бес саусағындай білетін визуал журналист ше? Ол сіздер қазір жария етіп отырған тақырыптар бойынша маңызды контекст тудыра алатын бұрынғы оқиғалар туралы ақпарат жинасын. Не болмаса, оның қолындағы тарихи суреттер жинақтары тарихи тақырыптағы жаңа сайттың бастамасы болатын шығар. Қауымның өткен тарихы туралы ақпарат іздеп жүрген тілшілерге көмектесе алатын шығар.
Қызметкерлердің осыған дейін атқарған ролдерімен шектелмеңіз. Әр адамның сізге беймәлім қыры, сіз білмейтін қабілеті бар. Сол қабілетін сіз басқарып отырған іске пайда әкелердей қалай жұмсай алатынын ойланыңыз.
Жақсы көрсете алған дағдысы үшін мақтау айтсаңыз не болады?
Тамаша сұхбат әзірлеген қызметкердің жұмысына қол соғумен қатар, өзге қызметкерлерге үлгі етіп, сол сұхбатты әзірлеу үшін қолданған техникасын өзгелерге де үлгі ретінде ұсыныңыз. Қандай сұрақтар қойғанын көрсетіңіз. Не болмаса, керемет мақала жариялаған визуал журналисті мақтай отырып, осындай жақсы нәтижеге қол жеткізуге қандай жоспарлау түрі көмектескенін көрсетіңіз.
Немесе, шынайы уақыттағы көңіл көншітпейтін өлшемдер туралы айтқаныңызға жауап ретінде продюсер мақала тақырыбын өзгертіп жазып, байланысты материалдарға апаратын бірнеше сілтеме қосып, соның нәтижесінде вебсайтыңызға келушілер саны бірнеше есе артқанын жазыңыз. Тақырып атауының қандай ерекшелігін болғанын көрсетіңіз. Қай сілтемелер оқырман назарын ерекше аударғанын айтыңыз.
Кез келген журналистің біз үйрене алатын дағдылары бар. Соларды тани біліңіз!
Мұның бәрін қызметкерлеріңізге хат қылып қана жазбаңыз. Әркімнің қолынан не келетіні туралы жаңалықтарға арналған жиналыстарда, кездейсоқ әңгімелерде, жеке әңгіме кезінде айтып жүріңіз.
Сіздің арқаңызда қызметкерлер өз бойынан өзі байқамай жүрген дарынын танысын.
Ал олар өз бетімен бір-бірін тауып, тіл табысып кетпесе, ментор тағайындаңыз. Қызметкердің жасы, қызметі деген қатып қалған қағидаларға қарсы тұру тәсілдерін іздеңіз. Жақында ғана колледж бітірген қызметкер өзі сияқты жас түлекке немесе ардагер қызметкерге ментор бола алады, бәрі оның қолынан не келетініне және әріптесіне не үйрете алатынына байланысты.
Өзіңіз жасаған қызметкерлердің дағдылары тізімін пайдаланып, түрлі қабілеті бар адамдардың басын қосыңыз. Айталық, салмақты сұрақ қоятын тілшіні араластырып, жобаға қаталдық қосыңыз. Деректермен жұмыс істейтін үздік журналист «үлкен идеялар» генераторы бола алатын қызметкрмен бірлесіп, керемет жобалар бастауы мүмкін.
Әрине, әр адам қандай дағдыны меңгеріп, қандай қабілетін дамытқысы келетінін өзі шешеді. Өзіне қолайлы ортадан шыққысы келетіні, келмейтіні туралы шешімді әркім өзі қабылдайды. Әріптестерімен жаңаша байланыс орнату-орнатпау ниеті де өз қолында.
Алайда, сіздің дауысыңыз да маңызды.
Превью суреті: flickr.com.

Сервисті қолдану үшін тіркелу немесе әлеуметтік желілердегі аккаунтыңызды көрсетіп кіру керек болады. Одан кейін Spark қандай контент жасағыңыз келетінін таңдауды ұсынады.

Көрнекілік әзірлегіңіз келсе — қай әлеуметтік желіге (фейсбук, инстаграм) немесе қай өлшемге бейімдегіңіз келетінін көрсетсеңіз жеткілікті.
Суреттің тақырыбын, артқы көрінісін, жалпы безендірілуін, мәтін форматын өзгертуге болады.

Дайын суретті Jpeg форматында көшіріп аласыз.

Қандай да бір іс-шараға, әлдеқандай тақырыпқа арналған парақша жасағыңыз келсе — мәзірде Page тармағын таңдаңыз. Сондай-ақ, парақшаға сілтеме, видео, мәтін, т.б. қосуға болады.

Дайын болған мультимедиа-презентацияның негізгі бөлімін HTML-код арқылы сайтқа қоюға болады.
Бұл функционал барлық қаріп түрімен жұмыс істейді.
Видео және слайд-шоу да осылай жасалады. Қалыпты таңдайсыз, көрнекіліктерді көрсетесіз (оларды жүктеп саласыз немесе сілтемесін көрсетесіз), видео саласыз. Қажет болса, ілеспе дыбыс жазасыз.

Файлды Mp4 форматында көшіріп алуға немесе кодпен сайтқа қоюға болады. Мобиль қосымша ретінде сервисті iOS құрылғыларын қолданушылар пайдалана алады.
Facebook-та жасалатын онлайн-трансляциялардың интерактив картасы реал уақытта дәл қазіргі сәтте әлемнің қай нүктесінде кім қандай тікелей трансляция жүргізіп жатқанын көруге мүмкіндік береді.
Сіз көрермендерге қосылуыңызға, тіпті осы трансляцияны тағы кім қарап отырғанын көруіңізге болады.
Карта қандай да бір аймақта дәл қазіргі сәтте деректер іздеп отырған журналистер үшін өте ыңғайлы — трансляция жүргізіп отырған қолданушылармен осы арада тікелей байланысқа шығуға, ал видеоның өзін материал әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Facebook тікелей трансляциялар функциясын қосқанына көп болған жоқ.
Тікелей видеотрансляция — Facebook қолданушылары реал уақыт режимінде бөлісетін видео. Достарыңыз немесе сіз жазылған қоғам қайраткерлері жүргізіп отырған тікелей трансляция сіздің таспаңызда көрінеді.
Probusiness.by: алғашқы кезде функция тест режимінде тек танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері және верификацияланған аккаунты бар АҚШ тұрғындары үшін ғана қолжетімді болған. Кейіннен реал уақыт режимінде видео тарату мүмкіндігіне АҚШ-тың барлық тұрғындары ие болды.
6 сәуірден бастап сервис барлық Facebook қолданушылары үшін ашылды. Бұл туралы әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг өзі хабарлады.
Қазақстанда Facebook арқылы тікелей трансляция жүргізу функциясы парақшалар үшін қолжетімді. Новый репортер функция мүмкіндіктерін Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы — 2016 барысында тексеріп көрді.
Тікелей трансляцияны немесе тікелей трансляциядан жазылған видеоны қарап отырған кезде Жазылу батырмасын бассаңыз, Facebook-те осы аккаунттан кейін болатын трансляциялар туралы хабар алып отырасыз.
Трансляция бастау үшін «Жариялау» дегеннен кейін «Тікелей трансляция» батырмасын басыңыз.
Тікелей трансляция туралы ескертпелер
Тікелей трансляциялар туралы ескертпелерді қосу немесе өшіру үшін:
Оң жақ жоғарғы бұрышта Баптаулар дегенді таңдаңыз.
Сол жақтағы Хабарламалар дегенді басыңыз.
Facebook-те дегенді басыңыз.
Тікелей трансляциялар туралы ескертпелер баптауларын өзгерту үшін парақты Тікелей трансляциялар дегенге дейін төмен айналдырыңыз.