Домой Блог Страница 64

«Infogram көмегімен деректерді интерактив визуалдау» тақырыбындағы вебинар

2015 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17.00-де  «Infogram көмегімен деректерді интерактив визуалдау» тақырыбында, Infogram.am танымал сервисінің негізін қалаушылардың эксклюзив вебинары өтеді.

Infogram онлайн-сервисінің көмегімен деректерді интерактив визуалдау медиаға аудитория назарын аударып, оқырмандардың сайтта отыратын уақытын 60% арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің тегін вебинарымызда осы бір қарапайым, бірақ тиімді құралды пайдалануды үйренесіздер.

Вебинарда деректерді визуалдаудағы үздік үлгілерді қарастырып, Infogram көмегімен интерактив графика және инфографика жасауды үйренеміз.

Вебинарды Ника Алексеева жүргізеді. Ника журналистикада үлкен тәжірибесі бар маман — бизнес тақырыбында материалдар жазумен, энергетика, әлемдік экономика мен білім беру саласындағы трендтер жөніндегі деректер негізінде баяндар әзірлеумен айналысқан.

Қазір Ника  деректер туралы білімдерді жетілдіруге бағытталған «Infogram елшілері желісі» (Infogram’s Ambassador Network) үшін жауап береді.

Тегін вебинарға қатысу үшін сілтемемен өтіп тіркеліңіз.

«Infogram көмегімен деректерді интерактив визуалдау» тақырыбындағы вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырып отыр. 

Журналистикадан Erasmus Mundus магистрлік бағдарламасы бойынша стипендиялар

Журналистика саласында магистр дәрежесін алғысы келетін студенттер осы стипендияға өтініш беруіне болады.

Журналистика, медиа және жаһандастыру саласындағы Erasmus Mundus магистратурасы дүние жүзінің бакалавр дәрежесі бар студенттерінен өтініш қабылдайды. Қатысушылар бірінші жылы Даниядағы Орхус университетінде, екінші жылы — еуропалық серіктес-университеттер: Амстердам университеті, Лондон қалалық университеті, Гамбург университеті немесе Суонси университетінің бірінде оқиды.

Одан бөлек, бірінші оқу жылының екінші семестрі барысында студенттер Еуропадан тыс жердегі университетте білім алу мүмкіндігіне ие болады. Берклидегі Калифорния университеті, Сидней технология университеті және Чилидегі Папа католик университеті сынды оқу орындарына баруға болады.

Mundus Journalism Consortium студенттерге екі санаттағы стипендия ұсынады.  А санатындағы 47 000 евро көлеміндегі стипендияны Еуропалық одаққа кірмейтін елдерден келетін студенттер алады. В санатындағы 34 000 евро стипендияны өзге студенттер ала алады.

Бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілін жақсы білу керек.

Өтініштер 10 қаңтарға дейін қабылданады.

Толық ақпарат сілтемеде.

 

Сайтыңыз Қазақстанда ашылмай қалса не істеу керек?

«Қазақстан интернет ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі  президенті Шавкат Сабировтың кеңестері.

1. Жүйе администраторынан немесе провайдерден сервер немесе хостинг жұмыс істеп тұрған-тұрмағаны туралы ақпарат сұратыңыз. Сырттан біреудің әсер етуінсіз техникалық ауытқулар болып, жай ғана бағдарламашы немесе жүйе администраторының көмегі керек шығар.

2. Қазақстанның өзге провайдерлері («Қазақтелеком», «Билайн», «Астел», «Транстелеком» және басқа) арқылы сайтқа кіруге бола ма, соны тексеріңіз.

3. Сайтқа әлемнің басқа тұстарынан кіруге болатын-болмайтынын тексеріңіз. Ол үшін неше түрлі сервистер көп. Мысалы,  ping-admin.ru, loadimpact.com, alertra.com.

4. Келесі қадам – сайтқа қол жеткізуді шектеу жөніндегі сот органдары шешімі бар-жоғын тексеру.

Оны мына арада тексеруге болады. Процесс ұзақ жүреді, мұқияттылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Мына бір нюансқа назар аударыңыз: компания атауын тырнақшамен, тырнақшасыз, ЖШС дегенді қосып, қоспай жазып көру керек.

Домен атауын да «http», «www» дегендерді қосып, қоспай жазып көру керек. Соттардың барлығын, Алматы, Астана қалаларын тексеруді ұсынамын. Әсіресе, Астана қаласы, Сарыарқа аудандық сотын немесе Арнайы мамандандырылған ауданаралық сотты тексеру керек.

5. Тағы бір жолы — онлайн-ресурсқа қол жеткізуді шектеу туралы сұрақпен өкілетті органға жүгіну. Қазір ондай өкілетті орган — ҚР Инновациялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитеті. 

ҚР заңдарына сәйкес, жауап белгіленген мерзім ішінде берілуі тиіс.

6. ЭЦҚ көмегімен egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүгініңіз. Жүйе автоматты түрде сауалды деректер базасына тіркеп, сізге жауап берілуі тиіс уақыт кері санала бастайды.

7. Сауалыңызды ҚР Үкіметінің лог-платформасына жолдаңыз.

8. Сайт сот шешімімен жабылған болса, мынадай әрекет ету керек  – мұндай жағдайда не істеу керек екені туралы Жоғарғы соттың түсіндірмелеріне ілесіңіз:

  • сот шешімін орындау;
  • ол туралы өкілетті органға ресми түрде хабарлап, сайт иесінің бүкіл деректерін ұсынып, ресурс туралы ауық-ауық ескертіп тұру керек. Өйткені, өкілетті орган сіздің сайтыңызға қол жеткізу туралы хат жолдауы тиіс және оны оны қосу үшін біраз уақыт керек болады;
  • бұл жерде сіздің табандылығыңыз бен ниетіңіз керек болады;
  • түрлі жауаптар келген болса, шешім жұмыс тәртібінде, жауаптарға қарай қабылданады.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бұқаралық ақпарат құралдарына арналған шағын гранттар байқауы

Представительство Internews Network в Центральной Азии объявляет конкурс среди СМИ на участие в проекте «Newsroom 2.0». Представительство Internews Network в Центральной Азии объявляет конкурс среди СМИ на участие в проекте «Newsroom 2.0».

Шағын гранттардың мақсаты — Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз БАҚ арасында қоғамдық маңызы бар тақырыптарға ортақ бағдарламалар өндіруді және сол бағдарламаларды ортаға салып алмасуды ынталандыру.

Internews мынадай медиаконтент өндірісіне қолдау көрсетеді:

  • Өзекті тақырыптағы әлеуметтік репортажджар циклі (ТВ, радио, хронометражы 15-20 минут), фоторепортаж болу да мүмкін (кем дегенде 10 фото).
  • Викторина және Сауалнама форматындағы бағдарламалар пакетін өндіру.
  • Ақпараттық-танымдық бағдарламалар (хронометражы 13 минуттан 26 минутқа дейін).

Internews мынадай тақырыптағы жобалар бойынша грант алу жөніндегі өтініштерге қодлау көрсетеді:

  • Құқық
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам
  • Гендер
  • Экономика
  • БАҚ айналасындағы жағдай
  • Жастар бастамалары
  • Экология (ғаламдық климат өзгеруі)
  • Толеранттылық
  • Әлеуметтік бағдарламалар (Орталық Азия аймағы және тұтас ел үшін өзекті)
  • Азаматтардың өмірін жақсарту, қауымдастықтар мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік

Тақырыптық бағдарламаларды түрлі жанрларда жасауға болады (арнайы репортаж, сараптамалық бағдарлама, интервью, журналистік зерттеу, сауалнама, тележурнал және викториналар).

Бұл жобада Internews тарихи және мәдени тақырыптағы бағдарламаларға, ойын-сауық бағдарламаларына, көркем фильмдерге, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптерге қолдау көрсетпейді.

Грант алушылар үшін міндетті шарт — ортақ өтініш беру үшін жоғарыда аталған елдердің бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік орнату. 

Қажет болса, Internews серіктестер табуға көмектеседі.

Жобаны жүзеге асыру үшін өз қаржысын және өзге донорлар немесе коммерциялық ұйымдар қаржысын да қоса салу міндетті. Өз үлесіңіз жобаның бюджетінде көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар, қолда бар телевизиялық жабдықтар мен эфирдің бағасы өз қаржысын салу болып есептелмейді.

Грант алуы мүмкін өтініш берушілерді өтініштер келіп түскен сайын қазылар алқасы анықтайды. Internews грант жобалары нәтижесінде өндірілген контентті Орталық Азияның үш елі: Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бұқаралық ақпарат құралдары арасында таратуға басты құқығы бар.

Грант алуға өтініштер мынадай талаптар бойынша бағаланады:

  • контент елдердің заң нормаларына қайшы келмейді
  • контент түрлі көзқарас тұрғыларын ұсынады
  • контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тұлғалар мен тараптардың мүдделерін көздемейді
  • контент Internews талап еткен тақырыптар мен жанрларға сай келеді
  • шығармашылық ұстаныммен жасалған
  • жобаны жүзеге асыру үшін қосымша өз қаржысы салынған
  • жобаны бірнеше тілде жүзеге асыру мүмкіндігі

Грант алуға өтініште (үлгісі) жобаның сипаттамасы, мақсаты, күтілетін нәтижелер (жоба қалай және неліктен қоғамның қызығушылығын туғыза алады), жұмыс жоспары, бюджеті (үлгісі) жазылуы тиіс. Міндетті түрде жоба қандай аудиторияға арналғаны және қандай аумақта көрсетілетінін жазу керек.

Өтініштер орыс тілінде электронды түрде қабылданады және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

  • өтініш қандай санатқа немесе қандай тақырыпқа жататыны;
  • жобаның атауы (бағдарламаның атауына сәйкес болуы тиіс);
  • жоба қай жанрда орындалатыны;
  • аудио және видео үшін хронометраж;
  • бағдарламалар қай тілде шығатыны;
  • өзге елдердегі (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) серіктес болуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және сипаттамасы;
  • жобаның сипаттамасы (бағдарламаның өзектілігі, циклдегі бағдарламалардың тақырыбы; қандай мәселелер көтеріледі);
  • жобаның шығармашылық сипаты (сценарий жоспары немесе айдарларының, форматының детальді сипаттамасы);
  • жобаның бюджеті  (қосымша өзі салатын қаржысын көрсете отырып);
  • Internews берген шағын грант таусылғаннан кейін жобаға қалай қолдау көрсетілетінінің сипаттамасы.

Өтінішке жобаға қатысушылардың резюмесін қоса беру ұсынылады.

Өтініштерді 2015 жылғы 17 желтоқсанға дейін Оксана Осадчукқа — oossadchuk@INTERNEWS.ORG почтасына жолдау керек. 

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы

2015 жылғы 29 қарашада Қазақстанда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді.
Заңға түсіндірме — theopenasia.net сайтының материалы.

Гарвардтағы Джоан Шоренштейн атындағы орталықтың стипендиясы

Дүние жүзінің кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар және қоғамдық саясат пен саяси мәселелер саласында зерттеу жүргізіп, тәжірибе алмасуға мүдделі журналистері осы стипендияға өтініш беруіне болады.

Гарвардтағы Джон Ф. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару институты Джоан Шорнештейн атындағы орталықтың стипендияларын алуға өтініштер қабылдайды.

Медиа, саяси қызмет және қоғамдық саясат саласында белсенді жұмыс істейтін журналистерден, ғалымдар мен саясаткерлерден өтініштер қабылданады. Ағылшын тілін жетік меңгеру керек.

Стипендия иегерлері оқу орнында бір семестр бойы тұрады және семестр бойына төртке бөліп төленетін 30 000 АҚШ доллары көлемінде стипендия алады. Орталық жол ақысы мен тұрғын жай ақысын төлемейді.

Стипендиаттарға жұмыс істейтін жай, компьютер, принтер және телефон беріледі. Үміткерлер ынталандыру хатын, толтырылған өтініш формасын, зерттеу жобасының жоспарын, резюме және ұсыныс хаттарын жолдауы тиіс.

Өтініштер 2016 жылғы 1 ақпанға дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Дерек көзі: ijnet.org

«Журналистер брендтермен жұмыс істей отырып, беделін қалай сақтайды» тақырыбындағы вебинар

20 қазанда 17.00 сағатта Всеволод Пуляның вебинары өтеді.

Вебинарда натив жарнама, арнайы жобалар, ақпараттық қолдау туралы айтылады. БАҚ үшін интернетте табыс табудың қандай жолдары бар екенін талдаймыз. Редакция қызметкерлері жарнама материалдарын әзірлеуге қатысуы тиіс пе және мүдделер қақтығысының алдын қалай алуға болады деген сұрақтардың жауабын іздейміз.

Вебинар журналистерге, редакторларға, продюсерлер мен жарнама менеджерлеріне пайдалы болмақ.

Всеволод Пуля — Russia Beyond The Headlines («Российская газета») халықаралық жобасының бас редакторы.  MediaToolbox.ru агенттігінің негізін қалаушы. «Журналист» журналындағы «Жаңа медиа» айдарының редакторы.  Жаңа медиа, редакцияны басқару, журналистикадағы медиаменеджмент және маркетинг  тақырыбында тренингтер мен семинарлар жүргізеді.

Вебинарға қатысу — тегін. Тіркелу үшін сілтемемен  өтіңіздер.

«Журналистер брендтермен жұмыс істей отырып, беделін қалай сақтайды» тақырыбындағы вебинарды Internews Network ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) көмегімен ұйымдастырып отыр. 

Өнер тақырыбында жазатын журналистер арасындағы байқауға жұмыстар қабылданады

Бүкіл дүние жүзінің журналистері осы байқауға қатысуына болады.

Энтони Берджесс атындағы халықаралық қор британдық The Observer газетімен бірлесе отырып, өнер тақырыбында жазатын журналистерге Энтони Берджесс/The Observer жүлдесін (The Observer/Anthony Burgess Prize for Arts Journalism) тапсырады.

Жүлде жаңа өнер туындыларына арналған, бұған дейін жарияланбаған материал үшін беріледі. Байқауға ұсынылатын жұмыстар жазушы, суретші не музыкант туралы сұхбат немесе өмірбаяндық очерк, өнердегі жаңа ағым немесе бастама туралы эссе немесе фильм, концерт, балет, спектакль туралы шолу болуы мүмкін.

Байқауға ұсынылатын материалдар ағылшын тілінде жазылуы тиіс, ағылшын тіліне аударылған жұмыстар да қабылданады.

Жеңімпаз 2 000 фунт стерлинг көлемінде жүлдеге ие болады. Байқауға қатысу үшін 10 фунт стерлинг жарна төлеу керек.

Өтініштер 30 қарашаға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Гуманитарлық қызметке арналған фотосуреттердің халықаралық байқауы

Дүние жүзінің тәжірибелі және жаңа бастаушы фотографтары грант алу үшін байқауға қатысуына болады.

Луис Валтуэнья атындағы халықаралық фотография байқауын Médicos del Mundo (“Әлем дәрігерлері”) ұйымы өткізеді. Байқау гуманитарлық ұйымдар қызметіне арналады және  1997 жылы Руанда мен 1995 жылы Боснияда кісі қолынан қаза тапқан Луис Валтуэньа, Флорс Сирера, Мануэл Мадрасо және Мерседес Наварро есімді гуманитарлық ұйымдар қызметкерлеріне бағышталады.

Байқауға қатысатын фотосуреттер мына тақырыптардың біріне арналуы тиіс: гуманитарлық қызмет, халықаралық серіктестік және әлеуметтік теңсіздік, адам құқықтарының бұзылуы, қарулы қақтығыстар, табиғат апаттары, босқындар мен иммигранттар мәселелері, халықтың әлжуаз топтары және тағы басқа.

Әр қатысушы он түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосурет ұсына алады. Байқауға 2013 жылғы қаңтар мен 2015 жылғы қазан аралығында жасалған фотосуреттер қабылданады. Бұдан бұрын да байқауға жолданған суреттер қабылданбайды.

Байқаудың бас жүлдесі – 6 000 евро көлеміндегі грант Médicos del Mundo қызметіне қатысы бар фотожоба жасауға арналады.

Өтініштер 9 қарашаға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Қазақстан-Ресей қатынастары тақырыбындағы жұмыстар байқауы

Қазақстанның және Ресейдің электрон, баспа және хабар таратушы медиа журналистері осы байқауға қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі және Ресейдің журналистер одағы  бірлесіп, еуразиялық интеграция және Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы тақырыбындағы жұмыстар байқауын өткізеді.

Байқау номинациялары екі елдің серіктестігі және халықаралық интеграция тақырыбына арналады, сонымен қатар «Елдер мен адамдар» санаты да бар.

Байқауға қазақ және орыс тіліндегі жұмыстар қабылданады.

Байқау лауреаттары мен жүлдегерлері естелік диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға 2015 жылғы 1 қаңтардан 20 қарашаға дейін Ресей және Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жұмыстар қабылданады.

Өтінімдер 30 қарашаға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.