Домой Блог Страница 73

«Интерактив карталар жасау» тақырыбында вебинар

30 сәуір күні сағат 20.00 Олег Хоменоктың «Google Fusion Tables және BatchGeo көмегімен интерактив карталар жасау» тақырыбында вебинары өтеді.

Қатысушылар деректер жинағын олардың орналасу орнына қатысты визуалдауға мүмкіндік беретін интерактив карта жасау жөнінде білім алып, машықтанады.

  • Карталардың көмегімен қандай ақпаратты визуалдай аламыз?
  • Картаға ендіру үшін бізге қандай форматтағы деректер керек?
  • Деректерді Fusion Tables немесе BatchGeo кестелеріне енгізу.
  • Деректердің карталарда көрініс табуы және оларды сайтта орналастыру.

Тренер жөнінде ақпарат

Олег Хоменок, медиаэксперт, журналистика жөніндегі тренер, медиаменеджмент жөніндегі кеңесші,  Зерттеуші журналистердің ғаламдық желісі  кеңесінің мүшесі, Internews Network медиа мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі, 2003 жылдан бері Украинадағы  SCOOP журналистік зерттеулер жобасының үйлестірушісі.

Фото с личной страницы Олега в Facebook

Журналистикада 1992 жылдан бері, баспасөзде және ақпарат агенттіктерінде жұмыс істеген.

Сертификаты бар тренер және  FOJO (Kalmar, Sweden), World Bank Institute, BBC World Service Trust және NewsPlex of South Carolina University журналистика және газет менеджменті жөніндегі кеңесшісі.

1998 жылдан бері зерттеу журналистикасы, жаңа медиа, журналистика негіздері, медиаменеджмент, медиа мен баспасөз қызметінің өзара серіктестігі және өзге де тақырыптар бойынша үш жүзден астам  тренинг өткізген.

Тегін вебинарға қатысу үшін  сілтемемен өтіп тіркелу керек. Назар аударыңыз! Вебинарға тек Google Chrome, FireFox, Opera браузерлерінен кіре аласыз.

Вебинарға тиімді қатысу үшін  Google аккаунтыңыз бар екеніне, компьютерде Excel орнатылғанына көз жеткізіңіз және Dropbox-та тіркеліңіз.

«Google Fusion Tables және BatchGeo көмегімен интерактив карталар жасау» тақырыбындғы вебинарды   Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай көмегі арқасында ұйымдастырды.  

Twitter-ді краудфандинг кампаниясы үшін пайдалану жөніндегі 7 кеңес

Жиі жазу, қызық жазу және бәрін жазу — Twitter-де краудфандинг кампанияны тиімдірек жүргізуге көмектесетін пайдалы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

7 советов о том, как использовать Twitter для краудфандинговой кампании

Краудфандинг кампаниясының табысты жүруі оның Интернетте қаншалықты кең таралғанына — ол туралы қанша адам біліп, оған қатысуға бел буғанына байланысты екені белгілі.

Сондықтан да әлеуметтік желілер, атап айтқанда Twitter сіз жүргізіп отырған кампания туралы жар салып, оған назар аудартудың үздік тәсілдерінің бірі.

Dissertaion Avenue директоры, карьера жөніндегі кеңесші Рошель Сейра Twitter-ді тек достарыңызға кешкі асқа не жегеніңізді айтудың ғана емес, жобаңызды Интернетте тиімді ілгерілету құралына айналдыру жөніндегі кеңестерімен бөлісті.

7 қарапайым да пайдалы кеңес:

1. Жиі жазыңыз. Кішкентай бір твит өзге хабарламалардың арасында жоғалып кетеді, сондықтан, аса назар аударта алмасаңыз, демек сіздің жазғаныңызды аз адам көрді деген сөз. Аудиторияға жүргізіп жатқан кампанияңыз жайлы, олар неліктен оны қолдауы керек екені туралы жиірек айтып отырыңыз.

Twitter-де қай кезде жазба жариялау немесе автоматты жарияланым жоспарлап қою керек екенін анықтау үшін, осы әлеуметтік желіге арналған  қосымшалардың бірін  пайдаланыңыз.

2. Қызықты етіп жазыңыз. Жазылушыларыңызға қызықты болатындай етіп жазыңыз. Жобаңыз туралы құрғақ фактілер және оған көмек керек деген үндеуге ешкім де назар аудармайды (шын мәнінде, бәріне бәрібір). Аудиторияңызда олар үшін жобаға атсалысу қаншалықты пайдалы болатыны туралы айтыңыз. Назар аудартатын детальдар қосып, жазылушыларыңызға қызықты болатын ақпаратты бөліңіз.

3. Мақсатты аудиториямен қатынас жасаңыз. Краудфандинг кампаниясы табысты жүруі үшін сіздің мақсатты аудиторияңыз кім екенін түсініп, сол саладағы ықпалды адамдар кім екенін анықтап алу керек. Сондай адамдарды Twitter-ден тауып, соларға жазылыңыз.

4. Хэштегтер қолданыңыз. Хэштег – Twitter-дің негізі. Твиттеріңізге релевант және танымал хештегтерді қосып отыруды ешқашан ұмытпаңыз — сонда оларды недәуір көп адам көреді де, олардың бір бөлігі сіздің жазылушыңыз әрі жақтасыңызға айналуы мүмкін. .

5. Ұқсас жобаларды қадағалап жүріңіз. Twitter-де сіздікіне ұқсайтын жобаларды тауып қарап шығуға біраз уақыт жұмсаған зиян болмайды. Ол кампаниялар табысты ма? Сіз өз кампанияңызда пайдалануыңызға болатындай әлдене бар ма оларда?

Ұқсас жобаларды қайдан іздейтініңізді білмесеңіз — мына Twitter-аккаунттардың бірінен бастап көруіңізге болады.

6. Бәрін жариялап отырыңыз. Жазылушыларыңыздың қызығушылығын жоғалтып алмай, ұстап отырудың жақсы тәсілі — не істеп жүргеніңізді уақытылы жариялап, жоба жөніндегі жаңалықтардан хабардар етіп отыру. Әлдене жасадыңыз ба? Ол жөнінде жазылушыларыңызға айтып беріп, фотосын көрсетіңіз. Хикаялар айтыңыз, қызықты жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз, сурет салыңыз — сонда жазылушыларыңыз сіздің не істеп жүргеніңізді жақсырақ түсінетін болады.

7. Жазылушыларыңызға алғыс айтыңыз.  Аса маңызды тұстардың бірі — жазылушыларыңызға алғыс айтуды ұмытпаңыз. Әлдекім сіздің твитіңізді ретвит жасаса, таңдаулыға қосса, тіпті жай ғана сіздің аккаунтыңызға жазылса — оған жеке «рахмет» деп жазыңыз.

Huzzaz.com көмегімен сайт үшін видео топтамасын жасау

 

Әлеуметтік желілердегі жазбаларды агрегациялау — материал ұсынудың ыңғайлы формасы. Сайтыңызға немесе блогыңызға орнатылған бір таспада нақты бір тақырыптар бойынша түрлі пайдаланушылардың контентін біріктіре аласыз.

Біз  Storify.com сервисін жиі қолданамыз, ол ірі әлеуметтік желілерде хештег бойынша жазбаларды іздеп тауып, бір араға жинауға мүмкіндік береді.

«Цифрлік ортадағы медиа» атты конференцияға қатысушылардың әлеуметтік желідегі жазбаларынан топтама .

huzzaz.com  сервисі дәл осылайша видеоматериалдарды агрегация жасайды.

Нәтижесінде жазбалар топтамасы пайда болады. Ол сіздің контент болуы да, тегтер бойынша табылған роликтер болуы да мүмкін.

«Цифрлік ортадағы медиа» конференциясының видеоматериалдары 

Сервис тегін, оны қолдану үшін тіркелу керек.

Как создать коллекцию видео для сайта с помощью Huzzaz.com

Егер YouTube немесе Vimeo-дағы нақты сілтемелер бойынша топтама жасағыңыз келсе, оң жақ жоғарғы бұрыштағы  “+” таңбасын басыңыз.

Как создать коллекцию видео для сайта с помощью Huzzaz.com

Huzzaz.com материаларды тегтермен белгілеп, видео орналасатын жинақ жасауды ұсынады.

Назар аударыңыз: сервис жинақтың сипаттамасын орысша жаздырмайды. Алайда, сипаттама да, тегтер де, сондай-ақ іздеу де орыс тілінде бар. 

Топтама дайын болғаннан кейін оның кодын сайтқа орнатуға, сілтемесін почтаға, фейсбукке немесе твиттерге жіберуге болады.

Релевант видеороликтер галереясын жасау үшін іздеу функциясын қолданыңыз. Huzzaz.com YouTube және Vimeo-мен жұмыс істейді.

Life2film.com — автоматты видеомонтаж сервисі

Life2film.com — видеороликтерден автоматты түрде фильм жасауға арналған орыс тіліндегі тегін сервис.

Сайтқа видео (MOV, AVI форматында) жүктеу үшін Вконтакте, Фейсбук, инстаграмм, твиттер және басқа да әлеуметтік желілердегі аккаунт көмегімен тіркелу қажет.

Как создать фильм

Фильмге дыбыстық әр беретін музыка өзіңізде болмаса, сервис жинақтан қажетін таңдауды ұсынады. Назар аударыңыз: видео таңдалған композицияның музыкалық ырғағы негізінде автоматты түрде монтаждалады.

Как создать фильм

Әр фрагментке 1.5-3 секундтан клип ретінде кесіледі. Музыка неғұрлым жылдам болса, бөлшектер де жылдам ауысады. Ұзақтығы бір минут видео шығару үшін жүйе әрқайсысы екі секундтан отыз алуан план фрагмент табуы тиіс.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді? 

Алгоритм бастапқы файлдан ең жақсы фрагменттерді іздейді. Ол кадрде адамдарды, қимыл-қозғалысты, түс қамтуын және басқаларды іздейді.

Роликтерді жүктегеннен кейін фильтр қосып, фильмнің атауы мен сипаттамасын жазуға болады. Видеоның қорытынды өлшемі  — 480p.

Ұқсас бағдарламалар: Magisto автоматты видеомонтаж сервисі, фотосуреттерден жылдам видеоролик жасауға арналған сервис —  Animoto.

Қазақстанда сотқа тартылған журналистерге көмек көрсететін қор жұмысы басталды

«Правовой медиа-центр» ҚҚ  сотқа тартылған журналистерге көмек көрсететін қор жұмысы басталғанын хабарлайды.

Қор интернетте жарияланған материалдары үшін журналистерге қарсы сотқа шағымдану саны артып кетуіне байланысты құрылды. БАҚ қызметкерлері әрдайым қорғаушы жалдай алмайды, бұл сот шешіміне және сөз бостандығы жағдайына кері әсер етеді.

Қор сотта қорғаушы қызметінің ақысын төлеу үшін қажет қаражатты қайтарымсыз алуға, немесе басқа да ұқсас көмек алуға мүмкіндік береді.

Кімдер көмек ала алады? 

Интернеттегі жазбалары үшін сот ісіне қатысып жүрген және қорғаушы жалдауға қаражаты жоқ қазақстандық журналистер мен блогерлер. Көмек көрсету жөнінде шешімді қазақстандық медиа эксперттерінен құралған кеңес қабылдайды.

Қалайша?

astanalmc@gmail.com поштасына мына ақпаратты қамтитын өтінім жолдау керек:

— аты-жөні, жұмыс орны, тұрғылықты мекен жайы, байланыс деректері
— сот ісінің сипаттамасы (арыз шағымдардың, жеке шағымдардың, сотқа дейінгі шағымдардың көшірмелерімен)
— ақшалай қаражаттың қажет екендігіне негіздеме және қызметі үшін ақы төленуі тиіс тұлғаның аты-жөні.

Көмек сомасы әр жағдайда жеке тұрғыдан, жағдайдың күрделілігін ескере отырып тағайындалады.

Қор жұмысы Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Қазақстан азаматтарының интернетте өз пікірін білдіруге деген конституциялық құқығын жүзеге асыруға ықпал ету» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Правовой медиа-центр» қоғамдық қорына хабарласуға болады: Астана, Отырар көшесі, 15, 604-бөлме, тел. 7172 42 44 32, mediastana@gmail.com және imc.kz сайтында.

Төтенше жағдайлар. Пайдалы онлайн-сервистер

Төтенше жағдай орын алған кезде болып жатқан оқиғалар туралы жер шарының әр тұрғыны өзекті де шұғыл ақпаратқа қол жеткізе алуы тиіс. Оқиғалар туралы мәліметтерді қадағалап отыруға көмектесетін бірнеше сервис ұсынамыз.

Google оқиғалар картасы. Оқырмандарыңызға төтенше жағдай немесе апатты оқиға туралы ақпаратты жеткізу үшін сайтыңызда  оқиғалар картасын орналастырыңыз.  Ашық бастапқы коды бар БЖ көмегімен өзіңіздің карталарыңызды жасап, өзгерте аласыз.

Google Person Finder апаттан кейін жоғалып кеткен адамдарды табуға көмектеседі. Бұл сервистің виджетін сайтыңызға орнату үшін  google.org/personfinder парақшасындағы кодты пайдаланыңыз.

Google Public Alerts. Бұл құрал пайдаланушыларға төтенше жағдайлар туралы хабарлауға арналған.  Public Alerts-ті өз сайтыңызға орнатқыңыз келсе, фид Alert Hub-қа жазылыңыз.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмология орталығы (EMSC) 1975 жылдан бері жұмыс ісейді. Ұйым қауіпті болуы мүмкін жерасты дүмпулерін қадағалаумен, олардың мүмкін салдарын болжаумен және ескерту жүйесін әзірлеумен айналысады.

EMSС сайтында шынайы уақыт режимінде соңғы жер сілкіністерінің эпицентрі көрсетілген карта табуға болады.

На сайте EMSC в режиме реального времени можно найти карту с эпицентрами последних землетрясений.

Интерактив карта  бір сағаттан екі аптаға дейінгі уақыт аралығындағы жер сілкіністерінің бәрін көрсетеді. Төменде — оқиға орнына сілтемелер берілген, нақты географиялық орналасқан орны, баллдары мен магнитудасы көрсетілген кесте.

iOS және Android смартфондарына арналған қосымша бар, онда жағдайды шынайы уақыт режимінде қадағалап отыруға болады, аймақтағы тұрғындардың пікірлері мен мамандардың кеңестері де келтірілген.

ubAlert — бүкіл дүние жүзіндегі апаттар мен төтенше оқиғалар туралы ақпарат бөлісуге арналған ғаламдық желі. Сервис авторлары құтқару қызметтеріне апат туралы дабыл бойынша шұғыл әрекет етуге  көмектесетін әлемдегі ең ірі құрал жасауды жоспарлап отыр.

3333ubAlert - глобальная социальная сеть, созданная для обмена информацией о катастрофах и чрезвычайных происшествиях во всем мире.

Әр адам сайтқа ТЖ жағдай туралы дабыл жібере алады,  ubAlert ақпараттың сенімділігін тексеріп, оның егжей-тегжейін жариялайды. Қосымшалары да бар  — Android , iOS.

АҚШ-та шетел журналистеріне арналған стипендия

Журналистер мен бұқаралық коммуникациялар саласындағы мамандар Хьюберт Хамфри атындағы стипендияға өтінім беруге шақырылады.

Бұл бағдарлама ғылыми атақ бермейді, алайда кәсіби дамуға және америкалық әріптестермен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Қатысушы елдердің толық тізімі  мұнда. Қазақстаннан қатысамын деушілер үшін ақпарат мұнда .

Бағдарлама барысында стипендия иегерлері өздерінің жеке бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Хьюберт Хамфри бағдарламасындағы әріптестерімен тығыз қатынаста мәжілістер мен семинарларда жұмыс істейді. Кәдімгі америка аспирантурасынан бір айырмашылығы — бағдарлама стипендия иегерлерінің Америка мәдениеті туралы көбірек мәлімет алып, америкалық әріптестерімен қарым-қатынас орнату үшін көбірек саяхаттауға ынталандырады.

Бағдарламаны Құрама штаттар Конгресі АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім беру және мәдени бағдарламалар бюросы арқылы қаржыландырады.

Талапкерлердің кем дегенде бакалавр дәрежесі, толық жұмыс күні режимінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері болуы, өз елінде жұмыс істеуге ұмтылуы және ағылшын тілін еркін меңгеруі тиіс.

Әр аймақ үшін өтінім қабылдау мерзімі әр түрлі.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Түпнұсқа мәтін.

«Журналистің интернеттегі құқықтық қауіпсіздігі» тақырыбында тренинг

«Правовой медиа-центр» Қоғамдық қоры  25 сәуір күні Петропавл қаласында «Журналистің интернеттегі құқықтық қауіпсіздігі» тақырыбында тренинг өткізетінін хабарлайды.

Тренинг Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен өткізіледі, мақсаты — журналистерді желідегі құқықтық сауаттылыққа үйрету, интернет жөніндегі заңнама бойынша халықаралық тәжірибемен, желіде жұмыс істеудің этикалық стандарттарымен, жеке бас деректерін сақтау ережелерімен таныстыру.

Тренерлер — Гүлмира Біржанова және Диана Окремова («Правовой медиа-центр» ҚҚ).

Тренингке Петропавл қаласынан және жақын орналасқан елді мекендерден ҮЕҰ өкілдері, журналистер, журналистика факультетінің студенттері шақырылады.

Тренинг 2015 жылғы 25 сәуірде «Скиф» қонақүйінде өтеді.

Қатысуға өтінімді мына сілтеме бойынша толтыруға — lmc.kz  немесе еркін түрде жазып  mediastana@gmail.com поштасына жолдауға болады.

Қызылордалық журналистерге арналған семинар-тренинг

«Правовой медиа-центр» қоғамдық қоры және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қызылорда аймағының журналистеріне арналған «Жетімдік мәселелерін жариялаудағы және балалардан бас тартудың алдын алудағы этикалық принциптер» тақырыбында семинар-тренинг өткізетінін хабарлайды.

Тренингте қозғалатын негізгі тақырыптар – балалардан бас тартудың алдын алудағы масс-медианың ролі, қазақстандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі, ағымдағы жағдайға журналистік материалдардың ықпалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жөніндегі материалдардың стилистикасы, тағы басқа.

Семинар спикерлері — эксперттер Анна Белокрыльцева (Мәскеу), Марианна Гурина (Алматы), Гүлмира Сұлтанбаева (Алматы) және ЮНИСЕФ пен «Правовой медиа-центр» ҚҚ өкілдері.

Тренинг 15-16 сәуір күндері Қызылорда қаласында «Номад-Палас» қонақүйінің конференц-залында өтеді. Қатысуға Қызылорда облысының (қала, аудан орталықтары) осы тақырыпта маманданып жүрген журналистері шақырылады.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде қатар өтеді.

Қатысушылардың жолақысын, тренинг барысындағы тұрғын жай және тамақтану ақысын ұйымдастырушылар көтереді.

Үміткердің аты-жөні, байланыс ақпараты және қатысу негіздемесі көрсетілген өтінімдерді мына мекен жайға жолдауға mediastana@gmail.com, немесе 10 сәуірге дейін lmc.kz сайтындағы өтінім үлгісін толтыруға болады.

Орталық Азия медиамамандары арасында үйрену турына қатысу үшін байқау

Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі «Отырар» телевизия арнасына үйрену турына қатысу үшін кәсіби журналистер, редакторлар мен продюсерлер арасында байқау жариялайды.

Мақсаты — конвергенттік журналистика саласында тәжірибе алмасу.

Тур АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» аймақтық бағдарламасы аясында өткізіледі.

Үйрену туры тәжірибе алмасу, қатысушы БАҚ үшін конвергенттік редакция құру және дамыту жөніндегі технологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетілуін көздейді.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның

  • бұқаралық ақпарат құралдарында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар;
  • өтінім беру кезінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде штаттағы журналист, редактор немесе продюсер болып қызмет атқаратын;
  • білгісі, үйренгісі келетін кәсіби медиа қызметкерлерін шақырамыз.

Байқау шарттары:
Өтінім үлгісін толтыру.
Өтінімді 2015 жылғы 6 сәуірге дейін Internews Network өкілдігіне osa.oxa@gmail.com поштасына жолдау.

Байқау нәтижелері бойынша әр елден бес қатысушы іріктеліп алынады. Қазақстандық қатысушылар Шымкент қаласына дейінгі жол шығынын өздері көтереді. Тур барысындағы жатын орын мен тамақтану шығындарын ұйымдастырушылар өтейді.